Sorry, you need to enable JavaScript to visit this website.
Шын мәнінде кофенің дәмін қалай татып көруге болады

ШЕБЕРЛІК

Шын мәнінде кофенің дәмін қалай татып көруге болады

7 мин

КОФЕҢІЗДІҢ ДӘМІН ТАТЫП КӨРІҢІЗ

Кофені хош иісі мен қышқылдығынан бастап оның консистенциясы мен дәміне дейін шын мәнінде сезіну - бұл нағыз өнер. Қазір біз оны қалай игеруге болатындығы жайлы айтып береміз.

ДӘМДІ ТАНУ Дегустация (дәмді сынау) өнері

Сіз соңғы рет қашан бар жұмысыңызды кейінге қалдырып қойып. Өзіңіздің кофеңіздің дәмін толықтай сезін үшін бірнеше минут уақыт бөлдіңіз?

Сіз өзіңіз ішетін кофенің сан қилы сипатына мұқият көңіл аударатын уақытта, түрлі сезімдердің әлеміне жол ашылады. Кофенің дәміне көптеген факторлар әсер етеді, мәселен: кофенің қайда және қалай өсірілетіндігі, сорты қандай, тұқымы дәннен қалай ажыратылады, дәндер қалай қуырылады және кофе қалай әзірленеді. Бұл тек кейбір факторлар ғана.  Кофенің дәмін қалай сынап көруге болатындығын білгіңіз келе ме? Олай болса, оның дәмі мен көптеген аспектілерін зерттеп көрейік. Бір нәрсе анық: дәмдер әлеміне ену - бұл керемет саяхат.

ТӨРТ ҚАДАМ

Егер сіз кофенің дәмін қалай дұрыстап сынап көруге болатындығын енді ғана үйреніп жүрсеңіз, сіз мынадай маңызды төрт қадам туралы білген дұрыс:  хош иісін жақсылап иіскеу, бір жұтым ішу, дәмін сезіну және өз әсеріңізді сипаттау. 
Біріншіден, хош иіс. Кофенің дәмін татпастан бұрын әрдайым оны иіскеп көріңіз. Терең тыныс алыңыз. Адам бес түрлі дәмді ажырата алады: тәтті, тұзды, ащы, қышқыл және жағымды (умами), бірақ иіс сезу қабілеті 1 000 000 000 000 иісті ажырата алады - бұл дегеніңіз тұтастай триллион!
 
Содан соң бір жұтым ұрттап көру керек. Кофені қатты және барынша ұрттаңыз. Ұялмаңыз. Мұндай әрекет кофені сіздің тіліңіз бен таңдайыңызға таратып, сол арқылы сіз оның барлық қыр-сырын сезіне аласыз.
 
Енді байқаңыз.  Кофенің дәмі аузыңызға қалай білінеді. Оның салмағы мен тығыздығы қандай? Тіліңіздің қай жерінде сіз оның дәмін сезінесіз?
 
Және, ең ақыры, маңызды нәрсе - сипаттамп беріңіз. Кофенің дәмін сынап көргеннен өзіңіздің алған әсеріңізді қандай сөздермен сипаттар едіңіз? Хош иіс, дәм, кофенің дәмінен алған әсеріңіз№ Сіз кофенің біршама қышқыл екендігін сездіңіз бе? Салыстыру үшін тағы қандай дәмдерді пайдаланатын едіңіз?

Қызықты дерек

Сіздің мұрныңыз 1 000 000 000 000 түрлі хош иісті сезіне алады - бұл тұтастай триллион!

КОФЕНІҢ ДӘМІН ҚАЛАЙ СЫНАП КӨРУГЕ БОЛАДЫ

Сонымен, сіз кофенің дәмін татып көретін уақытта неге көңіл бөлу қажет? Ойыңызды жинақтап, осы төрт қасиетті сипаттап беріңіз: хош иісі, қышқылдығы, консистенциясы және дәміне жеке-жеке тоқталыңыз. Бұл сипаттамалар кофенің толық "дәм профилін" қалыптастырады.

ДӘМІТН ТАТЫП КӨРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ
ДӘМІТН ТАТЫП КӨРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ

Келесі жолы өзіңізге кофе әзірлеген уақытта кішкене кофені ұрттап, ойланып және оның дәмін шын мәнінде сезіну үшін біраз уақыт бөліңіз.

ЦИТРУС ҮГІНДІСІ ЖӘНЕ КҮШ-ҚУАТ
ЦИТРУС ҮГІНДІСІ ЖӘНЕ КҮШ-ҚУАТ

Кофенің цитрусты түрлері апельсин мен лимон тәрізді тілде қойылтылған және табиғи әсер қалдырады.

АРАЛАСТЫРЫҢЫЗ
АРАЛАСТЫРЫҢЫЗ

Бір кофені екі түрлі әдіспен әзірлеңіз де, нәтижелерін салыстырыңыз.

КОФЕНІҢ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫ

Қышқылдық - бұл тілдің шеттері мен ұшындағы сезім. Кофенің дәмін сынау және оны сипаттау кезінде қышқылдық рН деңгейімен байланысты емес. Бұл тілдегі күшті сезімдерге қатысты.
Кофені ұнататындар өздеріне неліктіен кофенің қышқылдығы ұнайтынын кейде түсінбейді. Қышқылдық - бұл сіз өзіңіздің жоғары сапалы  кофе сұрыптарынан табуыңыз мүмкін сезім.

Қышқылдық туралы ойлайтын уақытта кофенің аузыңызда қалай сезілетіндігі туралы ойлап көріңіз. Қышқылдықты түсіну үшін қышқылы аз кофенің банандар мен сұлы тәрізді жұмырлық пен тегістік сезімін тудыратындығын ойлаңыз. Және апельсин мен лимон сияқты қышқылы жоғары кофенің сіздің тіліңізде қоюлатылған және өткір әсер беретіндігін ойлап көріңіз.  КОФЕНІҢ КОНСИСТЕНЦИЯСЫ

Консистенция —  бұл сіз оны жұтатын уақытта кофенің сіздің тіліңіздегі салмағы немесе тығаздығының білінуі. Сіз бұрын-соңды бұндай сипаты туралы ойламаған шығарсыз. Консистенцияны былай оңай түсінуге болады: майы алынған сүт тәрізді консистенциясы төмен кофе - сұйық, тілдегі текстурасы немесе салмағы кішігірім болады. Және қою сүт тәрізді, тығыз кофе  тілде қалатын ауыр - майлы, қою консистенцияға ие болады.
КОФЕ ДӘМІ

Кофе дәмі - бұл сіздің кофенің қандай дәм ерекшеліктерін сезінетіндігіңіз. Бастапқыда оларды сөзбен түсіндіру қиынға соғуы мүмкін. Оларды сипаттаған уақытта негізгілерінен бастаңыз. Мүмкін кофе шоколад немесе карамель сияқты тәтті шығар. Не болмаса шие немесе таңқурай секілді жеміс дәмі білінетін шығар. Лимон, грейпфрут немесе тіпті шарап тәрізді қышқыл болуы мүмкін. Сіз тіпті жаңғақ немесе ванильдің дәмін сезінуіңіз мүмкін.

ЕКІ КОФЕНІ САЛЫСТЫРУ

Кофенің дәмін сынап көру—  бұның барлығы салыстыру мен бір-біріне қарсы қойып көру жайлы. Осы төрт қасиетті пайдалана отырып тәжірибе жасап көріңіз және өзіңіздің кофеңізді қалай сипаттайтындығыңызды ойланыңыз. Егер сізге қосымша шабыт қажет болса,  Starbucks® кофесінің сізге ұнайтын сұрыптары туралы дегустациялық жазбаларды қарап көріңіз. Дәмін сынап көрудің тағы бір жақсы әдісі - екі кофені салыстыру. Мысалы, екі аймақта өсірілген кофені алып көріңіз, содан кейін олардың қайсысының барынша қышқыл, қайсысының барынша тығыз екендігін және олардың хош иістерінің қандай ортақ белгілерінің бар екендігін байқаңыз.
 Сондай-ақ сіз екі түрлі әдіспен әзірленген  бір кофені салыстырып көре аласыз. Сонда сіз оны дайындау әдісінің де кофенің дәмдік сипаттамаларына ықпал ететіндігіне көз жеткізесіз.

ӨМІР САЛТЫ

Достарыңызбен бірге кофе - тамаша кездесулер туралы кеңестер <p>Қонақтарға арналған кофе - бұл қандай жағдай болмасын, әрқашан керемет идея. Достарыңызға, отбасыңызға немесе әріптестеріңізге сүйікті Starbucks<sup>®</sup> кофесін дайындаңыз.</p> 4 мин

КОФЕ ЖОЛЫ

Әр түрлі аймақтардағы кофенің ерекшеліктері <p>Кофенің шығу тегі - оның дәміне байланысты. Бұл шарап немесе шай сияқты. Аймақтың топырағы, климаты және басқа жағдайлары кофенің дәміне әсер етеді.</p> 3 мин

ШЕБЕРЛІК

Бленд және қуыру өнері <p>Сіз өзіңіздің сүйікті Starbucks<sup>®</sup> кофесін қайнатып алып, ішкенге дейін кофе дәндері бленд пен қуыруды қоса алғанда көптеген кезеңдерден өтеді.</p> 4 мин