Десек те, кофе индустриясына да оңай емес. Дүние жүзі бойынша жыл өткен сайын кофені жаны сүйетіндер саны артып келеді, бірақ климаттың өзгеруі, аурулар және табиғи ресурстардың таусылуы кофе өсіру ісін бұрынғыдан да қиындата түспек.
Осы проблемаларды жақсырақ түсіну және шешімін табу мақсатында 2013 жылы Starbucks компаниясы Hacienda Alsacia атты кофе фермасын сатып алды. Содан бері ферма зерттеулер мен жаңалықтар ашудың үлкен орталығына айналды. Олар ашатын жаңалықтар дүние жүзі бойынша кофе өсіретін фермерлерге олардың проблемаларын шешуде көмектесетін болады.
КЛИМАТТАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ
«Қазір, біздің ең қиын проблемаларымыз - кофе жапырағының таты және климаттың өзгеруі. Бұл бізге қатты ықпал етіп отыр", - дейді Starbucks кофесін өндіретін, Коста-Рикадан шыққан 22 жылдық тәжірибесі бар фермер Рауль Бланко.
Бланко —өз әулетіндегі кофемен айналысып келе жатқан жетінші ұрпақ. Ол өзінің кофе үшін жаратылғандығын және осы іспен өмір бойы айналысатындығын, өз отбасының туған жерін тастамайтындығын айтады. Сондай-ақ оған өз отбасының өндіретін кофесінің тұтастай дүние жүзі бойынша кофені ұнататындар арасында таралып жатқандығын елестеткен ұнайды.
«Мен ешқашан кофе өсіруді тоқтату туралы айлап көрмеппін. Оның орнына мен ферманы бұрынғыдан да табысты, үнемді, қоршаған ортаға зиянсыз ету үшін үнемі кофе өндіру ісін бұрынғыдан да жетілдіре түсуге тырысатынмын және әрдайым қоршаған ортаға залал келтірмеу жолдарын қарастырамын. Әрбір кофе дәні, әрбір бушель мен кофе толы әрбір жүк көлігі әлемнің бір түкпірінде бір адамның керемет дәмді кофені рахаттана ішуіне арналған».