Sorry, you need to enable JavaScript to visit this website.
C.A.F.E. ҚАҒИДАЛАРЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ТАЗАЛЫҒЫ

C.A.F.E. ҚАҒИДАЛАРЫ

3 мин

ЭТИКАЛЫҚ ЖОЛ

Starbucks компаниясының кофе сатып алу ісіндегі этикалық жолының ең маңызды бөлшегі Coffee and Farmer Equity (C.A.F.E.) практикасы болып есептеледі.

C.A.F.E. Қағидалары 2004 жылы Conservation International-мен бірлесе отырып әзірленген кофе жеткізушілеріне қатысты әдеп стандарттарының ең алғашқы жиынтықтарының бірі болған.

2015 жылдан бері тұтастай Starbucks® кофесінің 99%-ы әдеп нормаларын сақтай отырып жеткізіледі. Біз  кофені бөлшек сатумен айланысуда осындай жетістікке жеткен ең ірі саудагер болып саналамыз .  

C.A.F.E бағдарламасының аясында фермерлер экономикалық, әлеуметтік және экологиялық критерийлер бойынша тексеруден өтеді. Бұл - кофе өсірудің ашық, табысты және тұрақты әдістерін дамыту, сонымен бірге кофе өсіретін фермерлерді, олардың қауымдастықтарын және біздің ғаламшарымызды қорғау мақсатында жасалып жатқан дүние.

Біз тек жоғары сапалы арабика сатып аламыз, қуырамыз және сатамыз. Дәмін сынап көруді қоса алғанда кофе тұтастай біздің сапа стандарттарымызға сәйкес болуы тиіс.

 


ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙҚЫНДЫЛЫҚ  


Starbucks жеткізушілері (фермерлер, өндірушілер және экспортшылар) жеткізудің тұтастай тізбегі бойынша көк кофе үшін жасалған төлемдерге қатысты дәлелдерді, соның ішінде олардың кофесі үшін тікелей фермерлерге төленген соманы ұсынулары керек. Бұл біздің қандай фермалардан сатып алатындығымызға, фермерлердің аттарына және кофе үшін әрбір фермаға төленген ақшаға кепілдік береді.

Қызықты дерек

2015 жылдан бері тұтастай Starbucks® кофесінің 99%-ы әдеп нормаларын сақтай отырып жеткізіледі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Кофе өндірушілер өздерінің фермаларында жұмыс істейтін адамдардың құқықтарын қорғаулары және қауіпсіз, әділ әрі адамгершілікті жұмыс ортасын құруға ықпал ететін барлық шараны қолға алулары керек. Оның құрамына жалақы мен жеңілдіктер, жалдау практикасы, жұмыс уақыты, қорғаныш құралдарын пайдалану, медициналық қызмет пен білімге қолжетімділікке қатысты критерийлер кіреді.

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

С.A.F.E. Қағидалары ауыл шаруашылығын жүргізудің тұрақты әдістерінен және қалдықтарды басқару, судың сапасын қорғау, су мен энергияны үнемдеу, биологиялық сан алуандықты сақтау және кофе өсіру мен оны қайта өңдеу кезінде агрохимикаттар пайдалануды қысқарту үшін қолданылатын экологиялық шаралардан тұрады.

Сапасы
Сапасы

Біз тек жоғары сапалы арабика сатып аламыз, қуырамыз және сатамыз.

БІЗДІҢ СТАНДАРТЫМЫЗ
БІЗДІҢ СТАНДАРТЫМЫЗ

Дәмін сынап көруді қоса алғанда кофе тұтастай біздің сапа стандарттарымызға сәйкес болуы тиіс.

ҮЗДІКСІЗ ЖАҚСАРТУ

C.A.F.E. Қағидалары  — бұл бір реттік сертификаттау жүйесі емес, ол - тексеру бағдарламасы, себебі біз жоғары сапалы кофемен қамтамасыз ету және фермерлік қауымдастықтарға оң ықпал ету мүмкіндігінің үнемі болатындығына сенеміз.

Starbucks компаниясы біздің сатып алу бағдарламаларымыздың қатысушы фермерлер мен өндірушілерге шынайы ықпалын өлшеу үшін Conservation International сияқты топтармен жұмыс істеу арқылы осы бағдарламаны үнемі жақсартып отырады. Бағдарлама бізге дүние жүзі бойынша кофе өндіретін әртүрлі 30-дан астам елдегі фермерлер мен операторларда туындап жататын проблемаларды түсінуге көмектеседі.

КОФЕ ЖОЛЫ

Әр түрлі аймақтардағы кофенің ерекшеліктері <p>Кофенің шығу тегі - оның дәміне байланысты. Бұл шарап немесе шай сияқты. Аймақтың топырағы, климаты және басқа жағдайлары кофенің дәміне әсер етеді.</p> 3 мин

STARBUCKS® компаниясы туралы

Біз туралы <p>Starbucks <sup>®</sup> компаниясы неліктен ерекше болатынын: біз қалай қарым-қатынас орнататынымызды және &nbsp;жайлы кофеханалар мен сіз үйде рахаттана алатын дәмді кофелерге дейін өнімнің сапасын қадағалайтынымызды&nbsp;біліңіз.</p> 5 мин

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ТАЗАЛЫҒЫ

Қоршаған ортаға деген қамқорлықпен өндірілетін кофе <p>Сіз одан болашақта да рақат алсын деген ниетпен кофені қоршаған ортаға зиян келтірместен өндіретін кейбір агрономдар мен фермерлермен таныс болыңыз.</p> 7 мин