Sorry, you need to enable JavaScript to visit this website.
Бленд және қуыру өнері

ШЕБЕРЛІК

Бленд және қуыру өнері

4 мин

КОФЕ ЖОЛЫ

Сіз өзіңіздің сүйікті Starbucks® кофесін қайнатып алып, ішкенге дейін кофе дәндері бленд пен қуыруды қоса алғанда көптеген кезеңдерден өтеді.

ФЕРМАДАН КЕСЕГЕ ДЕЙІН Сіздің кесеңізге дейінгі саяхат

Starbucks компаниясы мамандарының командасы арабика дәндерінен алынған жоғары сапалы кофені іздестіру, қуыру, блендтеу мен әзірлеумен айналысады.

Осылайша біз сіздің дербес тілек-қалауыңызға сай келетін ерекше кофе блендтерін шығаруды жалғастырамыз. Бленд пен қуыру процесін толығырақ қарастырып көрейік және Starbucks® кофе дәндерінің дүние жүзіндегі фермалардан сіздің кесеңізге түскенге дейін қандай кезеңдерден өтетіндігін қарастырайық.

 

КОФЕ БЛЕНДИНГІ

Starbucks® таңғажайып өнімдерін жасап шығару үшін біз қолға алатын маңызды қадам — бұл әртүрлі жерде өсетін немесе қуыру әдісі әрқилы болып келетін кофе блендингі.
 
Блендинг бізге кофенің кей түрінде бола бермейтін жаңа дәм ерекшеліктерін жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Қызықты дерек

Starbucks® қуырушыларының кішігірім командасы құрамдас қуырудың 150 жылға созылған тәжірибесіне ие.

КОФЕНІ ҚУЫРУ

Кофе фермадан шығып, біздің қуырымен айналысатын фабрикамыздың біріне жеткеннен кейін оның дәмі мен хош иісін сан қырынан ашу және оларды сақтап қалу үшін күш салынады. Хош иісті, қышқылдығы, консистенциясы мен дәмі де сақталған бір кесе кофеге қол жеткізу үшін кофенің әрбір түрін қуыру өзінің уақыты мен температурасына қарай ерекше болып келеді.

 
Starbucks компаниясының  қуыру ісі жөніндегі шеберлерінің кішігірім командасы жиынтығында қуырудан 150 жылдан астам тәжірибеге ие. Олардың білімі, тәжірибесі мен шеберлігі - сіздің қолыңызда қуырылған кофенің көптеген түрінің болатындығының кепілі. 
 

ҚУЫРУ САНАТТАРЫ

Starbucks компаниясы шамамен 50 жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде кофенің әрбір түріне тән хош иісті бар қырынан ашу үшін қуыру өнері мен ғылымын игеріп алған.  Starbucks® кофесін қуырудың әрбір әдісі оның бірегей сипатамаларын көрсетуге негізделген. біздің кофеміз үш түрлі әдіспен қуырылады.  Starbucks® Blonde ашық түсті қуырмасы ең жеңіл, ол аз уақыт қуырылады, жеңіл консистенция мен жеңіл дәмге ие. Орташа қуырылған кофе теңгерімді жұмсақ әрі қанық дәмнен тұрады, ал барынша қуырылған кофе біршама қанық консистенцияға ие және  өткір дәмімен ерекшеленеді.

STARBUCKS® BLONDE ЖЕҢІЛ ҚУЫРУ

Ең жеңіл қуыру — біршама аз уақыт қуырылған, біршама жұмсақ консистенция мен жұмсақ дәмге ие.

 
ОРТАША ҚУЫРУ

Бұл таңғажайып кофе жұмсақ, қанық дәм мен хош иістен тұрады.

 
ҚАНЫҚ ҚУЫРУ

Біршама тығыз консистенция мен ашық әрі байытылған дәмне ие қанық, қою түсті кофеден рақат алыңыз.

КОФЕ ЖОЛЫ

Әр түрлі аймақтардағы кофенің ерекшеліктері <p>Кофенің шығу тегі - оның дәміне байланысты. Бұл шарап немесе шай сияқты. Аймақтың топырағы, климаты және басқа жағдайлары кофенің дәміне әсер етеді.</p> 3 мин

КОФЕ ЖОЛЫ

Неліктен біз арабиканы таңдаймыз? <p>Сіздің кофеңіздегі ең маңызды ингредиент қандай? Дәндер. Сондықтан біз тек 100% арабиканы қолданамыз.</p> 3 мин

КОФЕ ЖОЛЫ

Кофе дәндері <p>Сіз қай өсімдіктерден кофе жасайтыны туралы ойландыңыз ба? Кофе дәндері өз жолын "кофе жидектерінің" жасыл тұқымдарынан бастайды.</p> 3 мин